"Отаным деп соғады жүрегім" патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы
12 желтоқсан Айтуар негізгі орта мектебінде география пәні мұғалімі Абдрешова Венера Төлегенқызының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Отаным деп соғады жүрегім" патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы өтті.
12 желтоқсан Айтуар негізгі орта мектебінде география пәні мұғалімі Абдрешова Венера Төлегенқызының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай "Отаным деп соғады жүрегім" патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздері таңдап алған ақындарының Отан, туған жер, туған ел тақырыбындағы өлеңдерін жаттап, мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Сайыстың мақсаты: Қазақтың поэзиясымен тілдесу. Ақындардың туған жер, ел туралы өлең-жырларын оқушыларға жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу. Оқушылардың еліміздің табиғатына, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін артыру. Сайыс соңында әділқазылар алқасының шешімімен І орынды 7-сынып оқушысы Сәркен Сания, ІІ орынды 6-сынып оқушысы Тумырза Диана, ІІІ орынды 7-сынып оқушысы Қошан Жанболсын иеленді. Қалған қатысушылар сайысқа қатысқаны үшін алғыс хатармен марапатталды.