"Жас ұлан" "Жас қыран" ұйымының №1 отырысы
"Айтуар негізгі орта мектебінде" 2019 жылдың 18 қарашасында "Жас ұлан" ұйымының топбасшылар жиыны өткізілді. Бұл жиында 16 желтоқсан күні "Жас ұлан" "Жас қыран" ұйымына оқушылардың қабылдану салтанатын қалай өткізуге болатыны туралы ой-бөлісіп ақылдасылды. "Жас ұлан" гимні таратылып, гимнді айтып көріп, дайындық жасалды. Мектеп президенті болып сайланған 9-сынып оқушысы Қайыр Сұңқар өз ойымен бөлісіп оқушыларға гимн жазылған парақшаларды табыстады.