"Бала құқығы адам құқығы" тәрбие сағаты
2019 жылдың 20 қарашасында Айтуар негізгі орта мектебінде "Бала құқығы адам құқығы" атты тәрбие сағаты өтті.
2019 жылдың 20 қарашасында Айтуар негізгі орта мектебінің әлеуметтік ұстазы Динара Мағжанқызы Усенова 5-9 сынып оқушыларына "Бала құқығы адам құқығы" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру,құқықтық білімдерін толықтыру.Адамгершілік,ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.