Біздің батырымыз
Ұлттық ұлан курсанты Бахтияр Қайырбеков біздің жерлесіміз Айтуар ауылының тумасы лаңкестерге тойтарыс беріп, қайталанбас ерлік танытып қауіп-қатерге өз басын тікті.
Халықты дүр сілкіндірген 2016 жылғы бесінші маусымда Ақтөбе қаласында лаңкестер тобы, яғни жиырма бес қаскүнем "Палада" және "Пантера" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, одан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан 6655 әскери бөліміне әрекет еткендері әлі есімізде.
Ұлттық ұлан курсанты Бахтияр Қайырбеков біздің жерлесіміз Айтуар ауылының тумасы лаңкестерге тойтарыс беріп, қайталанбас ерлік танытып қауіп-қатерге өз басын тікті.
Террорлық әрекетке қарсы тұрған бүгінгі күннің батыры Б.Қайырбековқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев III дәрежелі "Айбын" орденін табыстады.
Б.Қайырбеков Айтуар негізгі мектебінде төртінші сыныпты тәмамдады. 2007 жылы отбасымен Рудный қаласына қоныс аударып, тоғызыншы сыныпты ойдағыдай аяқтап, орта буынның бағдарламасын меңгерді. Алғыр оқушы теңдестерімен тез тіл табысатын, көпшіл, ақкөңіл, белсенділігін танытуда алдына жан салмады.
Отан үшін кеудесін оққа тосқан жерлесімізбен біз мақтанамыз.