Тазалық басты назарымызда
Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, әрбір дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу -басты міндеттің бірі. Сондықтан да тұрып жатқан жеріміздің ауласын, оқып жатқан білім ошағының маңын таза ұстау міндетіміз. Мектебіміздің қызметкерлері 22 сәуір күні мектеп алаңына сенбілікке шықты. Басты мақсатымыз алтын білім ошағының маңайын жинастыру, тазалау.
Ел мен жер -оның көгілдір арманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары-басты байлығымыз. Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, әрбір дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу-басты міндеттердің бірі. Сондықтан да тұрып жатқан жеріміздің ауласын, оқып жатқан білім ошағының маңын таза ұстау міндетіміз. Мектебіміздің қызметкерлері 22 сәуір күні мектеп алаңына сенбілікке шықты. Басты мақсатымыз алтын білім ошағының маңайын жинастыру, тазалау. Мектеп қызметкерлері мектеп алаңын, өсімдіктер өсетін үлескілерді белсене тазалауға кірісті.