Жас түлектер қоштасу кеші
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген аталар сөзі тәрбие мен білім беруге келісті сөз. Қанатын қағып, мектептен ұшар сәтінде, әрбір балапанның қыран құсқа айналуына куә боламыз. Міне, бүгін біздің мектептің түлектері де ұшқалы отыр. Түлектерге айтылған әр тілек оңынан болсын деп сәт сапар тілейміз.